Атыраулықтар «Жеңіс» саябағына жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулықтар «Жеңіс» саябағына жиналды

09.05.2014
Атыраулықтар «Жеңіс» саябағына жиналды
Бүгін атыраулықтар да «Жеңіс» саябағына жиналып, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Құрбан болған майдангерлер рухына тағзым етті.
 
Бұдан соң ардагерлерге арнайы тігілген әскери қостарда дастархан жайылып, дәстүрлі сарбаз ботқасы берілді.
 
Сондай-ақ, саябаққа келгендер сонау ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жауынгерлердің ерлігін сомдауға мүмкіндік алды. Жалпы, бұл сұрапыл соғысқа Атырау облысынан 43 мыңға жуық адам қатысты. 
 
Әлібек Түсіпәлі, соғыс ардагері:
Марқұм болған майдангер жолдастарымызды еске алып жатырмыз. Жеңіс күні бақыт, құт, бірлік әкелсін. Елімізде тыныштық болсын. Аман болайық, соғыс болмасын.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу