Алматыда «Майданнан келген хат» акциясы өтті
Өмірден озған батырлардың балалары шараға арнайы келіп, ата-ана, бауырларының ерлігін мақтанышпен жеткізді.
Алматылық пошта қызметкерлері жиылған жұртқа 500-ге тарта майданнан жіберілген хаттың арнайы жасалған көшірмелерін үлестірді. Өмірлерінің соңғы сәттерінде жазылған әскерилердің хаттары оқылып, жиналғандар көздеріне жас алды. Одан соң ардагерлер вальс билеп, әскери дала асханасынан дәм татты.
Григорий Будченко, соғыс ардагері:
Мен соғыстың басынан аяғына дейін қатыстым. 5 рет жараландым. Есесіне, қазір тыныштық орнаған Қазақстан елінде тұрып жатырмын. Бүгінгі ұрпақ келешекте өз Отанына аянбай қызмет етсін. Барша халықты, әсіресе, көзі тірі ардагерлерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06
Қыстың күні жолда қалғанда не істеу керек?
12.02.2026, 20:05