Қызылордалықтар ел қорғаған батырларды еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар ел қорғаған батырларды еске алды

09.05.2014
Қызылордалықтар ел қорғаған батырларды еске алды
 
Жеңіс күні Сыр елінде де лайықты аталып өтті. Тағзым алаңына жиналған қызылордалықтар қан майданда кеудесін оққа тосып, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
 
«Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат» деп аталған салтанатты жиынға бейбітшілік үшін күрескен қарт майдангерлер мен соғыс ардагерлерінің ұрпақтары қатысты.
 
Шара барысында Отанды қорғау жолында шейіт болған боздақтардың қайсарлығы өскелең ұрпаққа үлгі етілді. Шара соңында жиналғандар «Мәңгілік алауға» гүл қойды.
 
Кеңесбай Қалиев, соғыс ардагері:
Егемендікті ел болып ие болып жүрейік, балаларым. Әрдайым жақсылыққа қолдарың жетсін. Аспандарың ашық болып, ешқандай қиянат көрмеңдер.
 
Жансая Оңалова:
Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл.
Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді,
Батырлардың жүрегі от болып жанып тұр.
 
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу