Талғар ауданында «Ардагерлерге тағзым» атты кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар ауданында «Ардагерлерге тағзым» атты кездесу өтті

05.05.2014
Талғар ауданында «Ардагерлерге тағзым» атты кездесу өтті
Ардагерлерді ұлықтау үшін бүгін Алматы облысы Талғар ауданында «Ардагерлерге тағзым» деп аталатын кездесу өтті.
 
Майдангерлер мен тыл ардагерлері үшін арнайы дастархан жайылды. Жеңіс күні қарсаңындағы жиында ардагерлерге аудан әкімшілігі мен жергілікті кәсіпкерлер қаржылай сыйлық жасады.
 
Қазір ауданда 49 ардагер тұрады. Ал, сәуір айынан бері ерікті оқушылар тобы майдангерлер үйінің ауласын тазалап, қолғабыс етуде. 9-мамыр күні  Талғар ауданында ардагерлер шеруі өтеді.
 
Қанатай Қамырұлы, соғыс ардагері:
Егемендік алғанымызға 22 жылдан асып барады. Осыны ата-бабамыз армандаған. Сол арманға жетіп, Қазақстан егеменді ел болып отыр, бүкіл дүниежүзі танып отыр.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу