Еуропада қазақтың «Алтын адамына» қызығушылық артып тұр. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Польшаның Гданьск қаласының ұлттық мұражайында «Ұлы дала мұрасы» атты көрме ашылып,«Алтын адам» тұңғыш рет еуропалықтардың назарына ұсынылған болатын. Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерін көруге тұрғындар қарт құрлықтың түкпір-түкпірінен ағылып жатыр.
Көрмеге Есік бекзадасының алтын киімімен бірге, Сармат жауынгері, VII-XX ғасыр аралығында жасалған зергерлік бұйымдар да қойылған. Еліміздің Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның Польшадағы елшілігі шараны «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында ұйымдастырып отыр. Польшалықтар көрмені тағы бір ай тамашалайды.
Сырым Есенов, ҚР Ұлттық мұражайының ғылыми қызметкері:
Қазақстанда бірнеше алтын киімді адамдар табылып жатыр. Бірақ, «Алтын адам» деп аталатын Есіктегі ескерткіш жалғыз осы. Соны шатастырмауымыз керек. Жалпы, мұның ойы, идеясы, мақсаты барлығы «Алтын адамды» әлемдік аренада Қазақстанның бренді ретінде таныту.
Аркадиуш Якубчак, Гданьск қаласының тұрғыны, кәсіпкер:
Көрменің Польшада, менің туған қалам Гданьскте ұйымдастырылуы біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Президент Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біз қазақтың санғасырлық тарихымен, қазақ халқының жауһарларымен таныстық. Осындай керемет мерекені ұйымдастырған барша қазақстандықтарды құттықтаймын.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.