Қостанайда жастарға арнайы орталық салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жастарға арнайы орталық салынады

01.11.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын жобаның жиынтық құны 1 млрд. 700 млн. теңге. Қаржыны демеушілер бермек. Бұл жоспарды жастардың үлкен жиынында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты. Елбасының келер жылды жастарға арнау туралы бастамасын Қостанай осындай ірі іспен қолдамақ. Кешелі бері өңірде «Жас Коста» ақпараттық лагері жұмыс істеп жатыр. Іс-шара аясында  әр саланың білгір мамандары белсенді жастарға жетістікке жету сырын үйретеді. Өз бойындағы қабілетін кәдеге жарату, қоғамда өз орны бар азаматқа айналу туралы дәрістер өткізеді. Шараның мақсаты - жастардың дамуына, білім және тәжірибе алмасып, көкейде жүрген жаңа жобаларды жүзеге асыруына көмектесу. Биыл Қостанай облысында жастар тарапынан құны 220 млн. теңге болатын 67 жоба жүзеге асты. Ал, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғаннан бері 4 мың жас маманға 4 млрд. теңге демеуқаржы берілген. Алайда, талапты жасқа қаржылай қолдаудан гөрі, уақытында дұрыс бағыт-бағдар сілтеу маңызды.  

Саясат Нұрбек, саясаттанушы:

- Олар білім сапасын, потенциалын ашатын көкжиегін, алаңын іздейді. Бастысы, Қазақстанда оларға қандай мүмкіндік бар, не жасауға болады, қайда оқуға болады? Осыны нақты жастарға жеткізуіміз керек.   

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу