Талдықорғанда «Тойқазан» ұлттық тағам фестивалі өтті

23.10.2018

Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Жетісу трэвел» халықаралық туристік форумы аясында ұйымдастырылды. Ұлттық дастархан мәзірін көпшілікке паш етіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын фестиваль 6 жыл қатарынан Алматы маңында ұйымдастырылып келді. Бұл жолы «Тойқазан» облыс орталығына ойысып, талдықорғандықтар мен келген қонақтардың көңілін көтеріп, аста-төк дастарханға тойдырды. «Қала мейрамханалары мен кәсіпкерлері даярлаған алуан ұлттың ас мәзірі, қолөнер шеберлерінің көрмесі ішкі туризмді дамытуға өз үлесін қосуда», - дейді ұйымдастырушылар. Шара барысында бірқатар демалыс орындары лотерея ойнатып, келесі маусымға жолдамалар таратты. 

Алексей Венкин, медиахолдинг директоры:

- Фестивальдегі әрбір зат бір-бірін толықтырып тұр. Мәселен, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып жатқанда құлағыңа ұлттық музыканың әуені естіледі. Бұл өте әсерлі. Тұтас бір ұлттың болмысын танисың, тарихына үңілесің. Мен Қазақстанға жиі келіп тұрамын. Бірақ, Талдықорғанға алғаш келуім. Өте керемет әсер алдым.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу