Рухани жаңғыру мемлекеттік қана емес, әр тұлғаның жеке ісі болуы тиіс. Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында осы ой жиі айтылды. Жиналғандар Ассамблеяның 26-шы съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын сөз етті. Сондай-ақ, 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-демографиялық зерттеулерді үйлестіру жолдары талқыланды. Басқосу барысында қоғамды ағарту мақсатында аударылған әлемдік әдебиет жауһарларының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Шерзод Пулатов, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы:
- Осы 100 кітаптың арасынан 18-і қолымызға түсті. Бұл жақсы жұмыс деп білеміз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.