Рухани жаңғыруды әр адам алдымен өзінен бастауы керек - Оразгүл Асанғазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыруды әр адам алдымен өзінен бастауы керек - Оразгүл Асанғазы

04.12.2017

Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

«Өткен жылы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай тіл меңгеруге мүмкіндік беретін «Tilmedia.kz», «Qujat.kz», «Bala.kz» сайттарын аштық. Келіп түскен бірқатар сұрақтар бойынша халықпен байланыста болдық. Сарапшылардың пікірінше, қазақ тіліндегі электрондық сайттар аз. Сол үшін өзіміз ашуға бел будық. 2018 жылдың басында осы сайттардың тұсауын кесеміз.

Біз мемлекеттік және орыс тіліндегі құжат айналымының автоматтандырылған электронды базасын әзірледік. «Tilmedia.kz» сайты қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтеді. Жуырда министрліктердің сайттарын саралап, құжат айналымының әлі де орыс тілінде жүргізілетініне көз жеткіздік.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «санымыз жетті, енді сапамызды дұрыстасақ» деп жазған мақаласы. Рухани жаңғыруды әр адам алдымен өзінің тұла бойына, одан кейін ұжымына, отбасына сіңіру керек.

Латын қарпіне қазақ тілін күшейту, қазақ тілін қолданысқа енгізу үшін өтіп жатырмыз. Кез келген ұлттың коды, ұлттың негізі, қасиеті оның мемлекеттік тілінде. Сондықтан, мемлекеттің орталық атқарушы билік органдарында отырған азаматтарға қолғабыс жасаймыз деп «Qujat.kz» сайтын аштық. Латын қарпіне ауысу мемлекеттік құжаттарымызды дамытуға мүмкіндік береді», - дейді студия қонағы.

Хабарламаларға жазылу