«Түсініксіз, құндылығы жоқ жер-су аттарын өзгерту арқылы біз сананы өзгертуге мүмкіндік аламыз». Бүгін орталық сараптама кеңесінің отырысында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов осылай деді.
Отырыста Рухани жаңғыру бағдарламасы барысында Солтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан істер сараланды. Жауапты тұлғалардың есебі тыңдалды. Сонымен қоса, кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс енгізді. Келесі отырыс Қарағандыда өтпек.
Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:
Біз 300 жыл Ресей отары болдық. Кейін 70 жыл большевик, коммунистік режимде болдық. Қандай режим болмасын, кім басқарсын өзінің заңымен басқарады да, өз саясатын жүргізеді. Осы саясаттан 26 жылдың ішінде таза арылып кету мүмкін деп мен айта алмаймын.
Ғабит БӨКЕНБАЙ