Көкшетауда Орталық сараптама кеңесінің көшпелі отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда Орталық сараптама кеңесінің көшпелі отырысы өтті

22.12.2017

Көкшетауда Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің алғашқы көшпелі отырысы өтті. Онда осы бағытта Ақмола облысында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Өңірде 4,5 мыңнан астам шара өткізіліп, 47 зерттеу экпедициясы ұйымдастырылған. Мыңнан астам қайырымдылық шарасы өткізіліп, әлеуметтік жобалар әзірленді. Ауылдық жерлердегі балабақшалар мен мектептер қалпына келтіріліп, ойын алаңдары салынды. Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жыл Ақмола облысы үшін нағыз тарихи-мәдени жаңғыру кезеңі болды. Елбасының Жарлығымен Еңбекшілдер ауданына Біржан сал есімі, ал, Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырайдың есімі берілді. 

Ерлан Сыдықов, Орталық сараптама кеңесінің төрағасы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- Елбасы 6 бағытты белгілеп берген болатын. Ол әлі де дамып, кеңейіп жатыр. Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін жобалау офисі құрылды. Жер-жерлерде жергілікті билік, басқа да ғылыми әлеуеттер араласып жұмыстар атқарылып жатыр. 

Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірлесіп филология ғылымдарының докторы, әдебиет сыншысы Тұрсынбек Кәкішұлының 90-жылдығына орай республикалық конференция өткізді. Жиында еліміздің әр аймағынан келген ғалымдар Тұрсынбек Кәкішевті еске алып, оның әдебиет саласында қалдырып кеткен еңбектеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасады.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу