«100 жаңа есім» жобасы бойынша дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа есім» жобасы бойынша дауыс беру басталды

18.10.2017

Оған Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы сан алуан этнос өкілдері қатысуда. Қазақстанның 100 жаңа есімін анықтау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұсынылған болатын.

Бұл жобада адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Қатысушыларға кез келген адам дауыс бере алады. Ол үшін 100esim.el.kz сайтына тіркелу қажет. Ол жерде үміткерлердің өмірбаяны, жеткен жетістіктеріне дейін көрсетілген.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу