Бейжің қаласында велосипед мінгендер қатары күрт көбейді
Қытайдың Бейжің қаласында велосипед мінгендер қатары күрт көбейді. Себебі, енді ұялы телефонға қосымша жүктеп, 1 юаньға кез келген жерден велосипед алуға болады. Көлікті қалаған жеріңе қалдырып кетуге рұқсат. Жоба авторларының сөзінше, қазірдің өзінде 20 миллион адам қосымшаға тіркелген. Көрші елде қатынау үшін велосипед пен мотоцикл таңдағандар саны артып келеді. Мәселен, мотоциклді жалға беруші компания елдің 100 қаласында ашылған. Демек, сұраныс бар. Экологтар болса, ауасы лас астананың атмосферасы енді таза болады деп отыр. Ал, қала билігі алдағы уақытта велосипедке арналған жолдардың санын көбейтпек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12