Сарайшық қаласының орны қалыпқа келтірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарайшық қаласының орны қалыпқа келтірілуде

02.05.2017

Атырау облысында қазақтың көне астаналарының бірі Хан Ордалы Сарайшық шаһарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында  еліміздегі киелі мекендер мен тарихи жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде жаңғыртуды айтқан еді.

 

Осыған орай  Ұлы Жібек жолының негізгі қалаларының бірі болған, мәдениет пен қолөнердің талбесігіне айналған көне астананың екінші ғұмыры батыста қайта бастау алмақ. 

 

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу