Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның бүгін алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның бүгін алғашқы отырысы өтті

26.04.2017

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның бүгін алғашқы отырысы өтті. Жиынға Президент әкімшілігінің жетекшісі төрағалық етті. Елбасының мұндай жауапты істі Әділбек Жақсыбековке тапсыруы бекер емес. Бұл ең алдымен,комиссияға жүктелген тапсырманың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сонымен қоса, Президент әкімшілігі жетекшісінің бұған дейін саяси модернизациялау жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын мінсіз атқарғаны бар. Алқалы отырысқа министрлер, әкімдер, саяси партия жетекшілері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу