Кириллицадан ажырағысы келмейтін жандар «сонау 40-шы жылдардан бері қағазға түскен барлық рухани байлығымыздан айырылып қаламыз», деп қауіптенеді. Алайда, Дархан Қыдырәлі бұлай қауіптенуге себеп жоқ дейді.
«Латын қарпі кириллицамен қатар жүреді. Қазіргі интернет дамыған заманда екінің бірі кириллицаны да, латын тілін де жақсы біледі. Себебі, әркім ағылшын тілін үйренді. Бұл әліпбиді енгізу асқан қиындық туғызбайды.
Сондай-ақ, мақалада «Сандық Қазақстан» жобасы туралы да айтылған. Ол тегін айтылған жоқ, өйткені, біздің кеңестік кезеңдегі асыл мұраларды цифрлауға болады. Оларды сақтау, латын қарпіне көшіру қазіргідей технология дамыған заманда аса қиын емес.
Мысалы, біз «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық шыққан нұсқаларын цифрлап жатырмыз. Ол бірнеше дискке ғана сыйып кетеді. Демек, бұлардан айырылып қаламыз деген қауіп жоқ».