Бүгін - Тәуелсіздік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Тәуелсіздік күні

16.12.2018
Бүгін - Тәуелсіздік күні

Бүгін елімізде ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз ел ретіндегі өзінің мүлде жаңа тарихына қадам басты. Сол күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңына қол қойды. Ал, бұл заңның Жоғарғы Кеңесте талқылап, қабылдануы да сол кезең үшін үлкен белес еді. Тәуелсіздік күні - 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес аталып өтеді.

Хабарламаларға жазылу