Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16.12.2016
Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

25 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

25 жыл бұрын (1991) «ҚазАқпарат» (ҚазТАГ) алғашқы болып әлемге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғанын хабарлады.

22 жыл бұрын (1994) Ақын Мұхтар Шахановқа «Қырғыз Республикасының ел ақыны» атағы берілді.

19 жыл бұрын (1997) Қазақстанның Ұлттық банкі ұлы жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған құны 20 теңгелік металл естелік шақаларын айналымға шығарды.

12 жыл бұрын (2004) Семейде қазақтың хас батыры Қаракерей Қабанбайға ескерткіш тұрғызылып, салтанатты түрде ашылды.

16 жыл бұрын (2000) Алматыда Абылай ханға ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы, мүсінші - Нұрлан Далбаев.

 

ЕСІМДЕР

102 жыл бұрын (1914-1986) филология ғылымдарының докторы, профессор САЙКИЕВ Халаби Мұхитұлы дүниеге келді.

гнлнг

87 жыл бұрын (1929) әнші, КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері ТӨЛЕГЕНОВА Бибігүл Ахметқызы дүниеге келді.

гшдчсаи

86 жыл бұрын (1930-2004) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ӘБУҒАЛИЕВ Ізтілеу дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1936-2010) кеңестік және қазақ театр және кино актері, КСРО Халық әртісі ШӘРІПОВА Фарида дүниеге келді.

богшдг

72 жыл бұрын (1944) «Қазақфильм» (қазіргі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) киностудиясының режиссері және қоюшы-суретшісі ҚЫСТАУОВ Ғани Ахметбекұлы дүниеге келді.

роблроб

Хабарламаларға жазылу