Мемлекет басшысы Тәуелсіздікті тұғырлы етуге үлес қосқан жандарды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәуелсіздікті тұғырлы етуге үлес қосқан жандарды марапаттады

15.12.2017

Ұлық мейрам – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар легі бүгін Ақордадан бастау алды. Тәуелсіздікті тұғырлы етуге үлес қосқан жандардың еңбегі еленді. Мемлекет басшысы олардың бірқатарын Ақордаға арнайы шақырып, «Отан», «Барыс», «Айбын», «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» сынды төсбелгілерді кеуделеріне тақты. Олардың арасында өнер, мәдениет, қоғам қайраткерлері мен әскери саланың үздіктері бар.

Ал, ең мәртебелі «Қазақстанның Еңбек ері» атағы биыл үш азаматқа бұйырды. Олар халықаралық «ЭКСПО» көрмесін табысты өткізуге атсалысқан Ахметжан Есімов, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров және «Теңізшевройл» компаниясының менеджері Руслан Қуатов.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл жай емес, Қазақстанның 1 млн. халқының ішінен сіздерге бұйырды. Бірнеше мың марапат еилерінің ішінен өз қолыммен тапсыруға мүмкіндік алдым. Мұның бәрі ерен еңбектеріңіздің арқасы. Әруақытта денсаулықтарыңыз мықты болсын. Бүкіл жұртқа өнеге болып жүре беріңіздер. Табысты болыңыздар. Мен марапат беруден жалықпайын. Сендер еңбектен жалықпаңыздар.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу