Павлодарда жас таланттардың аймақаралық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жас таланттардың аймақаралық байқауы өтті

26.04.2016
Павлодарда жас таланттардың аймақаралық байқауы өтті
Отандық өнерпаздардан бөлек биыл Ресейдің Новосібір және Барнауыл облыстарынан қонақтар келді. Олар академиялық және эстрадалық әндер бойынша бақ сынады.

Топ жарып, ақтық бәсекеге жолдама алғандарға Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Шахимардан Әбілов шеберлік сағаттарын өткізді.

Опера әншісінің айтуынша, нағыз сахна шеберлері ел ішінен шығады. Сондықтан осы байқаудағы ең талантты өрендер Алматы мен Астанадағы білім ошақтарына шақырту алды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу