Қазақстан Республикасының Анкарадағы өкілетті елшілігі Тәуелсіздік мерекесіне орай қабылдау өткізді. Бұл туралы Түркияның trt.net.tr сайты жазды.
Анкара қаласында өткен қабылдауға Түркия Республикасының вице-премьері Тугрул Түркеш, Анкара муниципалитетінің басшысы Мелих Гөкчек, Жоғары сот өкілдері, саяси партия басшылары, мәжіліс депутаттары мен зиялы қауым, шетелдік миссия өкілдері, сонымен бірге қазақстандық студенттер келді.
Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаев пен жұбайы және елшілік қызметкерлері қонақтарды салтанатты түрде қарсы алды. Қабылдау өткен қонақүйде Қазақстанның табиғи сұлулықтарын бейнелейтін фотосурет көрмесі ұйымдастырылған. Қонақтарға үн қатқан Қазақстан өкілетті елшісі Түймебаев бауырлас елдердің тығыз ынтымақтастығына тоқталды. Баршаны мерекемен құттықтаған елші мырза мерекелердің де ортақ екенін айтты.
Сөз кезегінде Түркия вице-премьері Тургул Түркеш Қазақстанның тәуелсіздігін Түркия мемлекетінің алғаш тануының әлі күнге екі ел арасындағы достықтың белгісі боп қалғанын атап өтті. «Сол күннен бастау алған қарым-қатынастың іргетасы мықты» деген Түркеш «Қазақстанның бүгінгі таңда өз аймағында тұрақтылықтың символы, абыройлы, мықты ел болуы – Түркия үшін мақтаныш. Түркия Қазақстанның ең мықты қолдаушысы болуын жалғастырады» деп жалғастырды.
Қазақ елінің бай музыка өнеріне куә болып, әуенін тыңдап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқан қонақтар қабылдаудан риза болып қайтты.

Kaztrk.kaznews.kz