«ЭКСПО» кезінде Қазақстан аумағында Қытай, Иран, Үндістан елдерінің транзиттік жолаушылары 3 тәулікке дейін визасыз жүріп тұру құқығына ие болған еді. Туристік қауымдастық Үкіметтен бұл тәртіпті ұзартуды сұрап отыр. Себебі, аталған бастама елдегі ішкі және сыртқы туризмнің дамуына серпін берген. Мысалы, «ЭКСПО» кезінде ішкі және сыртқы әуе рейстері бірнеше есе артқан. Сала мамандарының сөзінше, туризм нарығында мұндай белсенділік бұған дейін болмаған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ