«ЭКСПО» көрмесі кезінде келушілерге 1400-ден астам шағын және орта кәсіпорын қызмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі кезінде келушілерге 1400-ден астам шағын және орта кәсіпорын қызмет көрсетті

13.09.2017

«ЭКСПО» көрмесі ғылым мен технологияға тың жаңалық әкеліп қана қойған жоқ. Шырайлы шаһардағы өзге де салалардың тамырына қан жүгіртті. Мәселен, 3 ай көлемінде 1400-ден астам шағын және орта кәсіпорын келушілерге қызмет көрсетті. Олар осы уақыт аралығында құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алған.

Көрменің арқасында 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Туристік секторға  сұраныс 2  есе артты. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайызға көбейді.  Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық та біршама өсті.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу