Польша президенті Анджей Дуда «ЭКСПО» көрмесіне келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польша президенті Анджей Дуда «ЭКСПО» көрмесіне келді

07.09.2017

«ЭКСПО» көрмесіне арнайы келген Польша Республикасының президенті Анджей Дуда халықаралық жобаға деген таңданысын жасыра алмады. Ұлттық күнін мерекелеген польшалықтар өз кезегінде халықаралық шарадан мол тәжірибе жинағандарын да ерекше атап өтті. Мәртебелі мейманмен жүздескен Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев екі елдің сауда-экономикалық серіктес екеніндігіне тоқталды. Әрі «Жасыл экономика», энергетика, ғылым мен технология, туризм сынды бірқатар салада ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды. Польша - Еуропа елдері арасында қарқынды дамыған мемлекеттердің бірі. Өткен жылғы ішкі жалпы өнім 3,1 пайыз көрсеткішке ие. Көрмеге жоғары баға берген Польша президенті әріптестік байланысты бұдан әрі нығайтуға дайын екендігін жеткізді.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу