Әнші Бибігүл Ысқақова мен Әли Көптілеу «Таңшолпанның» төрінде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Бибігүл Ысқақова мен Әли Көптілеу «Таңшолпанның» төрінде (ВИДЕО)

08.09.2017

Польша Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бибігүл Ысқақова мен Халықаралық байқаулардың лауреаты Әли Көптілеу студия қонағы болды.

Жуырда Польша Республикасының президенті Анджей Дуда Астанаға іс-сапармен келді. Сол кездесуде Бибігүл Ысқақова мен Әли Көптілеу өнер көрсетті.

«Ия, 6-7 қыркүйекте Астанада қазақ-поляк арасындағы экономикалық форум өтті. Форум аясында көптеген іс-шаралар өтті. Біраз құжаттарға екі ел қол қойды. Әрине, біз де қатыстық. Әли Көптілеу екі президент алдында өнер көрсетті.

Әли Көптілеу қазан айында Қазақстанның атынан Польша еліне барады. Онда үлкен Халықаралық байқау өтпек. Әли 15 жаста. Қызылорда қаласының тумасы. Астана қаласында мектепте оқиды. Дауысының көрсеткіштері өте жақсы. Байқаулардан жүлделер алып жүр. Болашағы үлкен бала», - дейді.

Хабарламаларға жазылу