Қарағандыда тау-кен саласына қажет жарылғыш зат шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда тау-кен саласына қажет жарылғыш зат шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады

05.09.2017

Қарағанды облысында тау-кен саласына қажет жарылғыш зат шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Құны 25 миллион доллар тұратын зауытқа қытайлық компания 50 пайыз инвестиция құймақ. Бұл туралы Астанадағы Қарағанды облысының күндері аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өткен жиында айтылды. Бүгінде өңірге инвестиция көптеп тартылуда. Тау-кен өндірісі, геология, машинақұрастыру, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, фармацевтика сынды сан түрлі салада ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі - «ҚазБелаз» кәсіпорыны. Алпауыт техниканы құрастыратын әрі жөндейтін орталықтың болуы тау-кен саласын дамытуға оң серпін беріп отыр. Ендігі ашылмақ кәсіпорынның да маңызы орасан. Өйткені, қазір еліміз жылына өндіріске қажетті 300 мың тонна жарылғыш заттың  80 пайызын сырттан сатып алады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу