Катар павильонында ерекше шара ұйымдастырылды. Олар өздерінің сән үлгілерімен бөлісті. Көйлектер катарлық дизайнер Уадха Әли Әс-Сулейтидің үлгісімен тігілген. Араб елінің жаңа сәндік киімдеріне түрлі-түсті табиғи жібек пайдаланылған. Олар әртүрлі. Кейбірінде араб сарыны мен табиғи өсімдік тәрізді ою-өрнектер салынса, енді біреулерінде ежелгі ғимараттардың суреті бейнеленген. Көйлектер түрлі шараларға лайықталған. Жәй үйге киюге арналған, қыдырғанда киетін, ресми жиындарға киіп баратын топтамалар. Ал, үйлену тойына киетін көйлек алтынмен жиектеліп, оған алтын әшекейлер жабыстырылған.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ