Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі француз павильоны таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі француз павильоны таныстырылды

22.05.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Франция павильонында заманауи электромобильдердің жаңа түрлері көрсетіледі. Бұдан бөлек, франциялық үздік компаниялар жұрт назарына жаңа инновациялық технологияларды ұсынбақ. Бұл туралы павильонның Бас комиссары Паскаль Лоро баспасөз конференциясында айтты. Комиссардың сөзінше, нысан 2 қабаттан тұрады. Жоғарғы қабатта арнайы шеберлік сыныптары, конференциялар мен семинарлар өткізілсе, төменгі қабат алып экрандармен жабдықталып, 7 бөлікке бөлінген. Онда көрме қонақтары француз өнер қайраткерлерінің музыка және сурет саласындағы тырнақалды туындыларымен таныса алады. Сондай-ақ, халықаралық көрме аясында француздар 2 ұлттық мерекесін атап өтуді жоспарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу