Байқау жұмыссыз қыз-келіншектерді оқытып, ауыл-аймақта «жасыл» бизнесті дамытуға бағытталған. Үздік жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларын қамтып отыр. Жеңімпаздар Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен әйелдердің екінші форумында марапатталды. Жиында экология, инновация және «ЭКСПО»-ға қатысты бастамаларды іске асырудағы қыз-келіншектердің рөлі талқыланды. Сондай-ақ, отырыс барысында кәсіпкер әйелдер халықаралық көрмелерге қатысып, озық жобаларын ұсыну ойларын жеткізді.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ