Қазақстандық ғалымдарды қаржыландыруға 30 млн доллар бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдарды қаржыландыруға 30 млн доллар бөлінді

10.04.2017

Бұл туралы бүгін «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының өкілдері мәлімдеді. Отандық ғалымдарды қолдау жобасын Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп жүзеге асырмақ. Бағдарлама аясында 60-70 технологиялық стартап құрылады. Ең маңыздысы, инновациялық консорциумдарды қаржылай демеуге 35 млн. доллар көлемінде грант беріледі. Сонымен қатар, докторант мамандарды шетелде тәжірибеден өткізуге Дүниежүзілік банк 10 млн. АҚШ долларын бөліп отыр. Биыл бұл бағдарлама бойынша 400-ден астам өтініш келіп түссе, олардың тек 33-і ғана қаржыландыруға ие болады. 

 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу