Атақты әнші отбасымен бірге Қазақстанның ұлттық павильоны «Нұр Әлем» сферасын тамашалады. Павильонның бірінші қабатында орналасқан «Қазақтың қонақжайлылығы» бұрышында қонақтар «Ауыз тию», «Қонақасы», «Қонақкәде», «Ат мінгізіп, шапан жабу», «Сарқыт», «Бел көтерер» сынды қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен таныс болды және танымал әнші павильонның «Тілектер кітабына» өз лебізін жазып қалдырды.