Бүгін бағдарлама тілшілері сіздерді «Нұр әлем» павильонының алтыншы қабатымен таныстырады. «Күн энергиясы» тақырыбына арналған бұл қабатта күннің макеті орналасқан. Келушілердің назарына қызықты ақпараттар мен ғылыми эксперименттер ұсынылған.
Арнайы ойын алаңы арқылы күн энергиясы қалай өндірілетіні көрсетілген. Қазіргі таңда күн энергиясын өндіру үшін ел өңірлерінде күн панелдерінің құрылғылары орнатылып жатыр.
Мысалы, Жамбыл облысындағы зауыт 2016 жылы сағатына 38,4 кВт астам электр қуатын өндірген. Осылайша станция облыстағы электр қуаты тапшылығын айтарлықтай азайтты.
Сондай-ақ, павильоннан «күн автомобилін» көре аласыздар. Ол Германияда жасалған. «Биокрусер» деп аталады. Яғни, көліктің үстінде, жанынада күн панелдері орналасқан. Оған күн сәулесі түскен кезде оны электр қуатына айналдырады. Машина жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Толық зарядта 500 шақырым жүре алады.
«Жеңіл автокөліктер күн энергиясымен қалай жүреді?» десеңіздер Қазақстан ұлттық павильонына барып көз жеткізуге болады.