Италия павильонының бас менеджері Валентина Роматико: EXPO Қазақстан үшін үлкен жетістік болатынына сенімдімін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия павильонының бас менеджері Валентина Роматико: EXPO Қазақстан үшін үлкен жетістік болатынына сенімдімін (ВИДЕО)

21.06.2017

2015 жылы «ЭКСПО» халықаралық көрмесі Италия елінің Милан қаласында өтті. Италия павильонының бас менеджері Валентина Роматико бағдарлама қонағы болып, екі көрменің ерекшеліктерімен және Милан тәжірибесімен бөлісті.

 

«Миланда өткен «ЭКСПО-2015» көрмесінде жұмыс істедім. Сондықтан, көрмелердің жұмыс барысын жақсы білемін. Табиғи мәселелерге қатысты көрме өткізу оңай емес екенін түсінемін. Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік болатынына сенімдімін.

Италия павильонына келсек, біздің тұжырым екі сөзбен байланысты. Бұл – тарих және болашақ. Өздеріңіз білетіндей, Италия энергияны тұрақты түрде алатындай жол іздеуде. Сондықтан, павильонның негізгі мақсаты - болашаққа негізделген энергияны табу және тұрақты түрде алуды үйрену», - дейді Валентина ханым.

Хабарламаларға жазылу