Финляндия Президенті Саули Ниинистё бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия Президенті Саули Ниинистё бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті

20.06.2017

Бүгін «ЭКСПО»-да Финляндияның ұлттық күні өтіп жатыр. Шараның ашылуына осы елдің президенті Саули Ниинистё Астанаға арнайы келді. Салтанатты рәсімде Финляндияның әсем табиғаты түсірілген бейне көріністер қойылып, елдің танымал әншілері ән шырқады. Финдық Санта-Клаус та сахнаға шығып, астаналықтарға бүгін  ерекше сый-сияпат жасайтындығын айтты.

Түстен кейін Финляндия Президенті Саули Ниинистё бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Мәртебелі мейман журналистермен кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастар төңірегінде, халықаралық мәселелер жайында пікірін білдірді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу