Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада БҰҰ Бас хатшысы, Финляндия президенті және Иордания королімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада БҰҰ Бас хатшысы, Финляндия президенті және Иордания королімен кездесті

14.06.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада БҰҰ Бас хатшысы, Финляндия президенті және Иордания королімен кездесті

Ислам, Христиан, Иудаизм, Буддизм, Индуизм, Даосизм, Синтоизм, Зороастризм секілді ілесушілері көп ілім жетекшілері мен танымал саясаткерлер қазақ жеріндегі құрылтайды қош алып, құрмет білдіре келді.

Бірсыпырасын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қабылдады. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан өзге, Астанаға келген мәртебелі меймандардың бірі - Финляндия президенті Саули Ниинистё.

Бұл президенттің біздің елге екі жыл бұрын келген. Сол сапарынан  экономика мен басымдығы бар өзге де салалардағы ынтымақтықтың жандана түскені мәлім.

Қос президент екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақты талқылады.

Елбасы Финляндия президентіне Астанаға, үлкен жиынға келгені үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев ,сондай-ақ, Иордания королі Абдалла II ибн Хусейнмен де кездесті.

Бұл мәртебелі мейман да діндер көшбасшыларының V съезіне арнайы келген. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымаққа қатысты әңгімелескен. Екінші Абдалла екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін біздің Президентке алғыс айтты.

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу