Украина ұлттық павильоны «Ұлы Жібек жолы плазасы» деп аталатын ғимаратта орналасқан. Аумағы өте шағын - бар-жоғы 35 шаршы метр. Соған қарамастан украиндер өз елін жан-жақты таныту үшін барын салған. «Шығармашыл жандардың энергиясы» деген атауына қарап-ақ олардың тек энергетика саласындағы жетістігін емес, рухани құндылықтарын да көрсетуге тырысқанын байқауға болады. Мәселен, Украина шеберлерінің қолымен тоқылған 30 метрлік сүлгі павильонның негізгі ерекшелігі болды. Оны делегация мүшелері қолына ұстап, көрме аумағын түгел аралап шықты.
Шынар АСАНҚЫЗЫ