«Таңшолпан». Серік Негимов: Рухани жаңғыру үшін EXPO көрмесінің мәні өлшеусіз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Серік Негимов: Рухани жаңғыру үшін EXPO көрмесінің мәні өлшеусіз (ВИДЕО)

13.06.2017

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов бағдарлама қонағы болды.

«Қазақ елінің тәжі елордамызда, Ұлы дала төрінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі – біздің тарихымызда да, адамзат тарихында да ұлы құбылыс. Себебі, ең бірінші, осы жәрмеңке осыдан 166 жыл бұрын өткен. Қазақстанда өтіп жатқан шараға 114 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысып отыр.

Астанамызға тағы бір қала қосылды. Ол дегеніміз - Астана бұрышынан қалашық пайда болды. Мұнда қазіргі заманауи ұлы жаңалықтар көрсетіліп жатыр. Мәселен, энергия көзі, энергияны өндіру, адамзаттың инженерлік ақыл-ойы, озық жетістіктері. Мысалы, Ұлыбритания, Дания, Швецария елдері қуат көздерін мұхиттың астындағы толқындардан өндіреді екен. Бұл – ұлы жаңалық.

Сондықтан да, қазақ еленің өркениеті, әлемдегі озық мемлекеттер қатарына кіру, рухани жаңғыру үшін көрменің мәні өлшеусіз», - дейді Серік Негимов.

Хабарламаларға жазылу