Бұл - төрткүл дүние Астана төрінде тоғысқан сәт. Бұл - әлем назары Астанаға ауған күн. Елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жалауы көтерілді. Ел болып көптен күткен айтулы шараның ашылу салтанатын Қазақстан абыроймен атқарып шықты. Күллі әлем көз тіккен айтулы шараға 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары келіп қатысты. Сәні мен салтанаты келіскен көрменің бас ғимаратында оларды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құрметпен қарсы алды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ