Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайын

05.06.2017

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының департамент басшылары БАҚ өкілдері алдында есеп берді. Онда Қазақстан көрмені өткізуге 100 пайыз дайын екендігі айтылды. Сондай-ақ, көрме аумағындағы амфитеатрда «ЭКСПО-2017 еріктілерін қабылдау салтанаты өтті.

Көрме кезінде қауіпсіздік қатаң бақылауда. Қазіргі таңда қажетті барлық құрал-жабдықтар сатып алынып, енгізілген. Бейнебақылау, дабыл және кіріп-шығуды басқару жүйелерінің барлығы 100 пайыз орнатылған. Сондай-ақ, халықаралық қатысушылардың 126 мың шаршы метр павильоны толық дайын. 

Астанада ЭКСПО кезінде 6 000-нан аса ерікті жұмыс істейді. Олар еліміздің бірнеше облыстарынан жұмылдырылмақ. Еріктілер тәулік бойы полицияға, емханаларға, әуежайларға көмектесетін болады. Барлығы алты тілді еркін меңгерген. Қала еріктілері ЭКСПО еріктілерімен бірге қоян-қолтық жұмыс істемек.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу