«ЭКСПО -2017»-де «SMART GRID» жүйесі жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО -2017»-де «SMART GRID» жүйесі жұмыс істейді

24.05.2017

«ЭКСПО -2017» көрмесі маңындағы бес мың орындық авто тұрақтың орнына болашақта жаңа ғимарат бой көтермек. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесінің арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды. Сондай-ақ, халықаралық көрмеде тұңғыш рет интеллектуалдық электр жүйесі жұмыс істемек. 50 станцияны бір орталықтан басқаруға мүмкіндік беретін заманауи жүйе электр қуатын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. «Smart Grid» деп аталатын электр желілерін басқару жүйесі көрме біткеннен кейін толықтай қалалық әкімдіктің меншігіне өтпек. Болашақта дәл осы электр жүйесіне Астана қаласының тұрғын үйлері мен өзге де ғимараттарын қосу жоспарланып отыр. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу