Атыраудағы қоғамдық көліктерде электрондық жолақы төлеу жүйесі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы қоғамдық көліктерде электрондық жолақы төлеу жүйесі енгізілді

06.12.2018

Еліміздің ірі қалаларында жаңа автобустар сатып алынып, ақы төлеуде жаңалықтар енгізілуде. Мәселен, Атырауда қоғамдық көліктерге жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілген. Қаладағы 26 бағытта қатынайтын 200 автобус жыл аяғына дейін толықтай осы жүйеге қосылмақ. Тұрғындар құрылғыға қажетті төлем картасын қалада орналасқан сауда орталықтарынан сатып алады.

Жалпы, 9 төлем түрі қарастырылған. Сондай-ақ, төлем жасау үшін «SmartQala» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мамандар бұл бастаманың жолаушылар арасында қолдау табатынын айтып отыр. Құны 300 млн. теңге болатын жобаға инвестор қаржы құйған. 

Ерлан Нұрланұлы, «Smart-ТКШ» ЖШС өкілі:

- Біздің жүйеміздің өзіне тән ерекшеліктері бар. Онлайн режимде жұмыс істейді. Зейнеткерлерге, басқа да жеңілдіктерге ие жолаушыларға арналған карталар бар.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу