Жапония павильоны 500 мыңыншы қонағын қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония павильоны 500 мыңыншы қонағын қарсы алды

16.08.2017

Бүгін «ЭКСПО» көрмесіндегі Жапония павильоны 500 мыңыншы қонағын қарсы алды. Жарты миллионыншы мейман Қостанай облысы, Рудный қаласынан отбасымен бірге келген. Оларды павильон директорының өзі күтіп алып, құттықтап, құрмет көрсетті. Естелікке сыйлық беріп, суретке түсті. Сонымен қатар, 500 мыңыншы келушіге павильонның экспозициялары таныстырылды. Рудныйдан бүгін ғана келіп, күні бойы көрмені аралап, кеш болғанда осындай тосынсый күтіп тұрғанына Аманқараевтар отбасы қатты таңқалғандарын жасырмады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу