Астанаға облыстардағы Ішкі істер департаменттерінің құрамынан 500-ден астам қызметкер келді. Олар «EXPO-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу кезінде елорда аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жол жүру ережесінің сақталуын бақылауға көмектеседі. Кеше жеке құрамның саптық байқауы өтті. Онда техника, қызметкерлердің сыртқы келбеті, керек-жарақтарының толықтығы тексерілді. Қосымша күш жаңа киіммен, бейне жетондармен, кеуде белгілерімен, ағылшын және басқа да тілдердегі сөздіктермен қамтамасыз етілген.
Оңғар АЛПЫСБАЙ