Грекия EXPO-2017 көрмесіне қатысуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия EXPO-2017 көрмесіне қатысуға дайын

10.02.2017
EXPO комиссары Рәпіл Жошыбаев жұмыс сапарымен Грекияға барды. Комиссар Афинада Грекияның қоршаған ортаны қорғау және энергетика министрімен, экономика және даму министрлігінің бас хатшысымен кездесті.

Кездесу барысында Рәпіл Жошыбаев грекиялықтарға Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы Жолдауын таныстырып, Қазақстанның 3-ші жаңғыру кезеңіне аяқ басқанын жеткізді.

Грекиялық компанияларды Қазақстанда цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге атсалысуға шақырды.


Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу