Нидерланды «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланды «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады

02.12.2015
Нидерланды «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады

Атап айтқанда, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстандағы Нидерландының Елшісі Ханс Дриссер 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне Нидерланды елінің қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Ұлттық компанияның бьаспасөз қызметі.

«Бізді қабылдап отырғандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы деңгейде екеніне сенімдімін»,-деп тоқталды Марк Рютте ҚР Премьер-Министрімен кездесу барысында.

Сонымен қатар, ол экономика мен тікелей инвестиция тарту тақырыбында талқылаулар жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

«Елдеріміз арасындағы тауар айналымы айтарлықтай ауқымды. Бұл бағытта әлі де елеулі жетістіктерге қол жеткізуге болады»,-деді М. Рютте.

2014 жылы Қазақстан мен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 9 млрд. 33,6 млн. долларды құрады. Ал биылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналым көлемі 4 млрд. 363,8 млн. долларды қамтып, оның ішінде Қазақстаннан аталған елге экспорт 4 млрд. 150,6 млн. теңге көлемінде болды.

 

Хабарламаларға жазылу