Шағын EXPO аймағы құрылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын EXPO аймағы құрылмақ

11.05.2016
Шағын EXPO аймағы құрылмақ
Ақмола облысы, Арнасай ауылы еліміздегі тұңғыш «жасыл» технологиямен қамтылған аймақ.

«Жасыл» экономикаға көшу – заман талабы. Оның ішінде электр энергиясы мен табиғи ресурстарды үнемдеу – басты мақсат. Бұл бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрындық болуымен қолға алынған.

Ақмола облысы, Арнасай ауылы еліміздегі тұңғыш «жасыл» технологиямен қамтылған аймақ. Былтыр іске қосылған заманауи жылыжайда еліміздің солтүстігінде шықпайтын түрлі үй гүлдері мен көкөністер өсіп тұр.

Жаңа, энергоүнемдегіш құрылғылардың арқасында табиғи өнім алынып, өсімдік егудің тың әдісін ауыл халқы да үйренуде.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу