Аймақтық ғылыми-иновациялық орталық мамандары құрастырған әмбебап вело-жаттығу құралдары Талдықорған саябағына орнатылды. Бұл қондырғының ерекшелігі - кез-келген адам веложаттығу құралында жаттыға отырып, өзінің ұялы телефонын немесе өзге де электронды құрылғыларды қуаттай алады.
Жас ғалымдар сондай-ақ, үнемді жылыжай кешенін де таныстырды. Мұнда өсімдіктерді төрт түрлі әдіспен өсіруге болады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ