Мұны олардың «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясына жіберген хаттары растап отыр.
Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто өз хатында алдағы көрме В2В қызметі үшін де, энергия тұтыну және нығайту сұрақтары бойынша сарапшылар арасындағы сұхбат жүргізу үшін де қолайлы екендігін айтты.
Бүгінгі таңда 45 мемлекет EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады. Олар: Ресей, Қытай, Франция, Германия, Түркия, Корея, Жапония, Израиль, Үндістан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Боливия, КХДР, Вьетнам, Швейцария, Түркменстан, Тәжікстан, Румыния және т.б.
Осыдан басқа, 19 елдің – Франция, Куба, Боливия, Армения, Әзірбайжан, Түркменстан, Беларусь, Қырғызстанның және басқа мемлекеттердің комиссарлары тағайындалған. Азия және Тынық Мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясынан (ЭСКАТО) комиссар тағайындалды.
1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес, көрмеге қатысатын кез келген елдің Үкіметі шақырып отырған ел Үкіметі жанында өз мүдделерін ұсыну үшін секцияның бас комиссарын тағайындауы тиіс екенін еске саламыз, деп хабарлайды «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Секцияның бас комиссары өз елін ұсынуды ұйымдастыру үшін жеке-дара жауапты болады. Ол көрменің Бас комиссарына оның елінің құрамы қандай болатындығы туралы хабарлайды, сонымен қатар, экспоненттердің құқықтары мен міндеттерінің сақталуын қадағалап отырады.