«EXPO-2017» құрылысының 30 пайызы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO-2017» құрылысының 30 пайызы аяқталды

29.07.2015
«EXPO-2017» құрылысының 30 пайызы аяқталды

Бүгінде құрылыстың 30 пайызға жуығы аяқталған. Ал, 2016 жылдың соңында темір-терсекке толы алаң мынадай әсем қалашыққа айналмақ.

Журналистерді құрылыс жайымен таныстырған компания өкілдері алдымен бас алаңға апарды. 80 метрлік шар арнайы Италиядан жеткізілетін сфералық шынымен қапталмақ.

Әйнекте графика, бейнесуреттер көрсетілетін болады. Қазір нысанның іргетасы қаланып, металл конструкциясы орнатылуда. 

Ізінше журналистер халықаралық және тақырыптық павильондарды аралады. Екі қабатты бұл нысанның жерастында да бірнеше қабаты салынған. Мұнда 8 халықаралық көрме алаңы ұйымдастырылады.

Қалашықты 7 мыңға жуық құрылысшы салуда. Солардың 80 пайызынан астамы қазақстандықтар,- дейді компания басшылығы.

Алаңда жұмыс істеп жатқан ірі шетелдік компаниялардан бөлек, қазақстандық 101 кәсіпорын құрылысқа тартылған.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу