Астана қаласының әкімі, «EXPO-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков бірқатар инвестициялық компаниялар басшылары және топ-менеджмент өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.
Жиын барысында қала әкімі атқарылып жатқан жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысып шықты.
Жалпы ауданы 174 гектар аумақты құрайтын «EXPO» алаңында павильон, конгресс-орталық, амфитеатр, тұрғын үй кешендері салынып жатыр.
Жиын соңында басқарма төрағасы көрме кезіндегі қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.